Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Миллиардер таңдауы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллектінің қарқыны күшейіп, өз бетінше ойланатын роботтар көбейген заманда да, адам қолының шеберлігі мен кәсібилігіне сұраныс төмендеген емес. Келешекте де солай болмақ. Мұны жақсы білетін «Ford» компа­ниясының бас директоры, миллиардер Джим Фарли өз ұлын болашақ инженер емес, дәнекерлеуші ретінде тәрбиелеуді жөн көріп отыр.

Миллиардер таңдауы

17 жастағы ұлын зауытқа жұмысқа жі­берген Фарлидің айтуынша, болашақта жұмысшы мамандықтарының маңызы арта түспек. «Бәрі қирап қалғанда, жасанды интеллект сымдарды жөндеп бере алмайды. Егер ұлым ең мықты дәнекерлеуші болса немесе дизель қозғалтқыштарын жөндейтін маманға айналса, мен әке ретінде бақытты болар едім», дейді ол.