
Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 190 бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, айыпталушыдан келтірілген залал толық көлемде өндірілді.
Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Айта кеткен жөн, құрылыс компаниясының басшысы үлескерлердің қаражаты есебінен құрылыс жүргізуге уәкілетті органның рұқсатынсыз, “Алтын” тұрғын үй кешенін салу үшін 51 азаматтан ақша алған.
Сот анықтағандай, ол үйдің іргетасын қаламай тұрып, жер телімінсіз миллиондаған теңге жинаған. Сондай-ақ, салынып жатқан тұрғын үй кешенінен “пәтер сатамын” деп 5 азаматтың ақшасын алып, пәтерді бермеген. Жаңа тұрғын үй кешенінің жобасына қаржы құю мақсатында 1 миллиард теңге қаражатты иемденген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды облысы