Туризм • Бүгін, 17:47

Бангкок пен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының туризм басқармасының хабарлауынша, Thai AirAsia X әуе компаниясы 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Бангкок – Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын іске қоспақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Бангкок пен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады

«Бұл қадам Қазақстан мен Таиланд арасындағы туризм алмасуын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа рейс Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін саяхатшылар үшін Алматыға жолды жеңілдетіп, қаланың Орталық Азиядағы туристік орталық ретіндегі беделін арттырады. Алматыда Thai AirAsia X басшылығымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесу өтті», деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, биыл Оңтүстік Кореяның әуекомпаниясы Инчхон мен Алматы арасында жаңа рейс ашты.