Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Зілзаланы ескертетін жүйе

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай ғалымдары жер сілкінісін алдын ала болжайтын заманауи жүйе жасап шығарды. Жаңа технология жерасты дүмпулерін алғашқы секундтарында анықтап, халыққа ертерек ескерту жібереді.

Зілзаланы ескертетін жүйе

Бұған Қытайдың 16 мыңға жуық мониторинг стансасы жалғанған. Қауіп төнген жағдайда дабыл мобильді қосымшалар, SMS хабарламалар, теледидар және өзге де платформалар арқылы таратылады. Сейсмологиялық басқарманың дерегінше, жүйе іске қосылғалы бері 359 рет қауіп туралы алдын ала белгі беріліп, көптеген апаттың алдын алған.