
Қалжыңға негізделген бұл сыйлықты ғылыми-юморлық «AIR» журналы 1991 жылдан бері табыстап келді. Жеңімпаз атанған лауреаттар адамды алдымен күлдіріп, сосын ойлантуы тиіс. Журнал редакторы Марк Абрахамстың айтуынша, сыйлық тағайындаудың түпкі мәні – ғылымды тіпті де қылжақтау емес. Әлем үшін, ғылым үшін маңызды, пайдалы жаңалықтар әркез салмақты мазмұнда болуы шарт емес екенін жеткізу болыпты. Әзірге «Шнобель» мен «Нобельді» қатар алған әлемде бір ғана адам бар, ол голландиялық – Андрей Гейм. Ғалым 2000 жылы «Шнобель» сыйлығын алса, 10 жылдан кейін физика саласында «Нобель» сыйлығын иемденіпті.