Қылмыс • Кеше

Бірнеше адамды өрт қойып өлтірген күдікті ұсталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында өрт болып, отта қалған үш адамның мәйіті табылған еді. Сол кезде полиция бұл төтенше жағдай емес, қастандық жасалғанға ұқсайды деп жариялағанын Egemen.kz хабарлаған.

Бірнеше адамды өрт қойып өлтірген күдікті ұсталды

Енді күдік шындыққа айналып отыр. Оттан шыға алмай қаза болған үш адамның үлкені 58 жастағы үй иесі әйел және 44 және 46 жастағы екі ер адам.

Екі ер адамның бірі үй иесінің 35 жастағы қызымен некесіз тұратын адам. Осы жас әйел ғана өрттен шыға алған. Полиция қылмыстық кодекстің 99 бабының «Екі және одан да көп адамды өлтіру» бөлімімен іс қозғаған болатын. Тергеу нәтижесінде күдікті деген 50 жастағы ер адам ұсталды. Қазір тергеу ісі жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысы