
Фото: Ашық дереккөз
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талас жотасының аумағында, Чакмак-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда, Башкы-Туш ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырымда және Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 шақырымда орналасқан.
Жер сілкінісінің күші:
- Чакмак-Суу ауылдарында – 5,5 балл;
- Башқы-Терек – 5 балл;
- Қара-Сай, Кек-Сай, Шекер, Қайнар, Шоң-Қара-Буура, Бақай-Ата – 4,5 балл;
- Таласта – 4 балл.
Төтенше жағдайлар министрлігі қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпараттың әзірге түспегенін айтты.