Заң • Бүгін, 21:18

Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы прокуратурасы ғимаратында Қостанай облысының жаңа прокуроры – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сексембаевты ресми таныстыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, облыстық басқарма, департамент басшылары қатысты.

Марат Сексембаев Исламханұлы 1979 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасында бастаған.

Марат Исламханұлы  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетін, сондай-ақ талдау және стратегиялық жоспарлау Департаментін басқарған.

Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу Департаментін, Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен қарсы күрес Агенттігінің Аппаратын (қаржы полициясы) басқарған.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды, ал 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы болды.

2022 жылғы 7 қарашадан бастап 2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметін атқарды.

Қостанай облысы