Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Пазл қалай пайда болған?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пазл – адамды ұшқыр ойлауға үйрететін һәм логикасын дамытатын ойын түрі. Бұл бас қатырғыш ойынның пайда болу тарихы да қызық.

Пазл қалай пайда болған?

Шамамен 1760 жылы ағылшын картографы Джон Спилсбери оқушыларға жағрафия пәнін қызықты өткізу үшін картаны ағаш тақтайшаға желімдеп, бір­неше елдің шекарасын қиып шығып­ты. Содан кейін шәкірттеріне мемлекеттер­дің орнала­суын дәл тауып қоюды тапсырады. Мінеки, алғашқы пазл осылай пайда болған екен. Бірақ сол кездері бұл бас қатырғыш ойын емес, білім берудің таптырмас құралы ретінде қабылданған. ­Тек ХХ ғасырда ағаш тақтайшаны картонмен алмастырғаннан кейін, пазлдар көптеп шығарылып, құны қолжетімді болды.