
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған күннен бастап жемқорлыққа қарсы жүйелі шараларды қолға алды. 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң осы бағыттағы негізгі құжаттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050» стратегиясында, Мемлекеттік қызмет туралы заң, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы сияқты стратегиялық құжаттар кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қолданып жатқан іс-шаралар:
-
Заңнамалық тетіктерді жетілдіру. Жемқорлық құқықбұзушылықтарға қолданылатын жазаларды қатаңдату, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен жауапкершілігін арттыру.
-
Ашықтық пен есептілік. «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА» сияқты онлайн платформалар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы қоғам назарында болады.
-
Қоғамдық бақылау. Азаматтық қоғам өкілдерінің қызмет атқарушылардың форматына белсенді араласуы. Үкіметтік емес ұйымдар, журналистер мен белсенді азаматтар мемлекеттік органдардың жұмысына мониторинг жасап, ұсыныстар енгізе алады.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Әлеуметтік жобалар, тәрбие мен білім беру іс-шаралары арқылы жастардың бойында адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау. ЖОО-ларда «Парасат жолы» орталықтары жұмыс істейді.
Соңғы жылдары халықаралық рейтингтерде Қазақстанның көрсеткіштері біртіндеп жақсарғанымен, жемқорлықпен күрес әлі де маңызды міндет болып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар еліміздің тұрақты дамуы үшін аса қажет. Қазақстан өз алдына қойған дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына жету үшін ашықтық пен әділдікке негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ұзақ мерзімді және үздіксіз процесс. Бұл тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат адалдық пен әділдікті өмірлік ұстанымға айналдырса, мемлекеттік құрылымдар ашықтықпен әділдікке сүйенсе, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықсыз өркениеттті қоғам қалыптасатыны сөзсіз.
Айнагүл МӘЖИТОВА,
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы.