Экспорт • 12 Қыркүйек, 2025

Сегіз елге ет экспортталған

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында ет экспорты бойынша жұмыс жүйеленген. Осы жылы жамбылдық шаруалардың өнімі бірнеше мемлекетке сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сегіз елге ет экспортталған

Өңірдегі жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 40 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. 2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңірде 64,8 мың тонна ет өндірілді. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, жыл басынан бері 1 615,2 тонна ет және 340 тона шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде сиыр еті – 661,2 тонна, қой еті – 953,7 тонна, жылқы еті - 0,2 тонна, құс еті – 1302,2 тонна. 

Өнімдер Қырғызстан, Қатар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия елдерінің нарығына жөнелтілді.Өңірде мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде көңіл бөлінуде. Сыйымдылығы 1 000 бастан жоғары 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қуаттылығы тәулігіне 300 бас ұсақ малды және 50 бас ірі  қара малды сойып, өңдейтін 2 ет өңдеу кәсіпорыны бар. 

Жамбыл облысы.