Қоғам • Бүгін, 08:08

Ауыл мүмкіндігін арттыру міндеті

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазталов ауданында тұңғыш рет «Kaztalov-Invest» аудандық инвестиция ­форумы өтті. Форумда округ әкімдері мен кәсіпкерлер арасында жалпы құны 1 млрд 133,4 млн теңгеге тең 13 жоба бойынша меморандумға қол қойылды.

Ауыл мүмкіндігін арттыру міндеті

«Елдің экономикалық әлеуетін арттыру, жаңа мүмкін­діктерге жол ашу мақ­сатында ауданымызда кешенді шаралар тізбегін қолға алдық. Мем­лекет басшысы Жолдауда: «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс» деп атап өткен еді. Сондықтан бүгінгі форум – ауданымыздың әлеуетін танытып, жаңа серіктестіктерге жол ашатын, ортақ мақсатқа қол жеткізуге арналған тиімді алаң болды», дейді Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов.

Батыс Қазақстан облыс­тық кәсіпкерлік және индус­триалдық-инновациялық да­му басқармасының басшы­сы Нұржан Өтеп­баевтың айтуынша, мемлекеттің жүйелі қолдауы арқасында облыста биыл жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны ­1,8%-ға артып, 59 153 бірлікке жетіпті. Қа­зір бұл салада жалпы саны 120,3 мың ­адам қызмет етіп, нәпақа тауып жүр. Үде­ріс Қазталов ауданында да жақсы жүріп жа­тыр. Оны осы форум алдында ұйымдасты­рыл­ған жергілікті кәсіпкерлердің өнім­дері ­көрме­сінен де байқадық.

Мысалы, «Қабығалиев» жеке кәсіпкер­лігінің жетекшісі Ақылбек Қабдығалиев «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясын­да несие алып, Қазталов ауылында ша­тырға қажетті қо­салқы бөлшектер өнді­ру­ге кіріс­кен. Аяужан Самиғол­ла­қызы Қара­оба ауылында ет өнімдері мен шұ­жық шы­ғара бас­таған. Бірік ауылдық окру­гінде құс шаруа­шылығын қолға алған «Манас» жеке кә­сіп­керлігінің жетекшісі Манас Асылханұлының еңбегі де мақтауға тұрарлық.

Форумның пленарлық отырысында мем­лекеттік қолдау тетіктері мен кәсіп­керлікті дамыту жайында да кеңінен айтылды.

Ауданда ауыл шаруашылығы мен кәсіп­кер­лік салада жемісті еңбек етіп жүрген азамат­тар аз емес. Ақпәтер ауылдық окру­гінде екпешөп өсіріп, мал азығын алып жат­қан «Ер-Қожа» шаруа қожалығының жетек­шісі, облыстық мәслихат депутаты Самат Хасанов, Қа­раоба ауылдық округінде да­йын өнім өндіруге мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелеткен «Даяр» жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаушы Жанайдар Рысқалиұлы, мемле­кеттік қайта­рымсыз грант және «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасы арқылы несие алып құс ша­руа­­шылығын дамытып отырған Манас Асылханұлы форумда тәжірибесін ортаға салды. Ақкөл жағасында демалыс айма­ғын құрып, қонақүй салған Сұлтан Сартаев жаңа кәсібі ­туралы айтып берді.

Ауылда өткен инвестиция форумы ауыл экономикасын дамытуға бағытталған жаңа кезең болса керек. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда ауылдың екінші тынысы ашылып, халықтың әлеуметтік ахуа­лы жақсарары сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысы