
Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үй құрылысының және жалға берілетін пәтерлерді сатып алу заңдылығын тексерді. Қадағалау шаралары барысында бірқатар заң бұзушылықтары анықталыпты.
«Тексеру нәтижесінде сапасы сәйкес келмейтін пәтерлер сатып алынып, оларды бөлу процесі кешіктірілгені анықталды. Бюджетке 50 миллион теңгеден асатын жалдау төлемдері түспеген. Иесі жоқ 417 пәтерге қатысты тиісті шара қабылданбаған. Тұрғын үй беру тәртібінің бұзылуы салдарынан 144 жетім бала есепке алынбаған. Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес ұзақ уақыт бойы баспана күткен азаматтарға 298 пәтер берілді. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар алды», дейді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.