Президент • 24 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.