Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2025

Солтүстік Қазақстан облыстық телевизиясына 65 жыл толды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ТВ еліміздің теріскей облыстарының арасында бірінші болып ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық телевизиясына 65 жыл толды

Солтүстікте теледидардың ашылуы қазақтың ерен тұлғаларының бірі Ілияс Омаровтың есімімен тікелей байланысты. Ол 1960 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің екінші хатшысы болатын. Елдің өскелең талабына ТВ қажет екенін бірден түсінген ол Алматы мен Мәскеуге шапқылап жүріп теледидарды ашқызған. Содан бергі 65 жылда бұл ұжымның қабырғасынан журналистиканың неше түрлі саңлақтары түлеп ұшты.

ТВ-ның Мүтәллап Қанғожин басшы болған жылдарында Мәлік Мұқанов, Жарасбай Сүлейменов, Кәрібай Мұсырман, Раиса Бикмухамбетова, Эльмира Кәленова  және т.б республикаға танымал қаламгерлер еңбек етті.

Қазір де бәсекелестік ортаға төтеп беріп, қызғылықты, тартымды хабарлар жасайды. Сонымен бірге ақпарат ағынында алдыңғы шепте еңбек етуде.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше