Спорт • Бүгін, 09:27

Батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.

Батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

Комитеттің хабарлауынша, синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.

Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміс алса, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған еді.

Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.