Пікір • Бүгін, 09:10

Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таң­да әлемдік дең­гей­де аса өзекті әрі күрделі мәсе­­ле­­нің бірі – Газа­да­ғы және тұтас Па­­лестина аума­ғын­­­дағы ахуал. Бұл жағдай жеке­леген бір мемлекетке немесе ұлт­қа ғана қатысты мәселе ғана емес, бүтін адамзат баласының ар-ұжданына тіке­лей әсер ететін жаһандық деңгейдегі сын-тегеурін десе де болады. Осыған орай халықаралық ұйымдар мен түрлі деңгейдегі форумдардың күн тәртібінде Газадағы жағдай басым бағыттардың бірі болуға тиіс.

Бейкүнә халықты қорғау – басты борыш

Өйткені аталған өңірде бейбіт тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төніп отыр. Әйелдер мен балалардың, қарттардың өмірі қиылып, бейкүнә жандар жазықсыз зардап шегіп жатыр. Бұл – адам құқықтары мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін ауыр жағдай. Мұндай сәтте әлемдік қауымдастықтың үнсіз қалуы – адамзаттың ортақ құндылықтарына немқұрайдылық танытқанмен пара-пар.

Сондықтан да барлық мүдделі тарап Газадағы әскери әрекеттерді тоқтату, бейбіт тұрғындарды қорғау және гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу бойынша нақты әрі пәрменді қадамдарға баруы қажет. Басып алу мен зорлық-зомбылықты тоқтату – барша әлем алдында тұрған ортақ міндет.

Палестина халқының өзін-өзі басқару құқығы мен қауіпсіз өмір сүруге деген талпынысы – халықаралық құқық пен әділеттің талаптарына сай келеді. Бұл мәселеге саяси тұрғыдан ғана емес, ең алдымен адамзаттық көзқараспен қарау керек.

Бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шылары съезі секілді ауқым­ды жиындардың пайдасы тиеді деп санай­мын. Осы орайда халықаралық қауым­дастықты ортақ жауапкершілік пен әділет қағидаттары аясында әрекет етуге шақы­рамыз. Бұл бағыттағы бастамалар өз нәти­жесін беріп, Газада бейбітшілік пен тұрақ­тылық қайта орнайды деген сенімдеміз. Өйткені адам өмірінен, адамгершілік пен ар-ұжданнан артық құндылық жоқ.

 

Кадир ДИНЧ,

Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары