Оқиға • Бүгін, 17:22

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Фото: Ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

«Оқиға орнында жол қозғалысы жағдайына байланысты автобус жүргізушісі мен көлік жүргізушісі арасында жанжал туындағаны анықталды. Көлік жүргізушісі жол қозғалысына кедергі келтіріп, төтенше жағдай туғызғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.