
Сурет: dknews.kz
«Банктер және банк қызметі туралы» заң уақыт талабына жауап беруге тиіс. Банктерді реттеу арасындағы теңгерімді анықтап, сонымен қатар, оларға банктік және бизнес бастамаларын көрсетуге, оның ішінде жаңа және соңғы технологияларды пайдалануға мүмкіндік беру қажет.
Жобаның банк саласының тынысын ашатын, прогрессивті тұстары көп. Жаңа заң лицензиялау жүйесін жаңғыртуды, банк нарығына қол жеткізуді оңайлатуды көздейді. Мұны озық қадам деп ойлаймын. Қазір бізде микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) өз активтері мен капиталын өсіргенін ескере отырып, оларды банк ұйымына айналдыру құқығы болуға тиіс. Мен әрдайым баға мен сапа арақатынасы негізінде салыстыру және шешім қабылдау мүмкіндігінің болуын қолдаймын. Ойыншылар неғұрлым көп болса, бәсекелестік те соғұрлым жоғары болады.
Бұл – банктер, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ең басты құжат. Банктердiң жаңа түрлерi енгiзiліп жатыр, сондай-ақ лицензиялардың 2 түрi – әмбебап және базалық лицензия жұмыс iстейдi. Бәлкім, бұл микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банк форматына өтуін жеңілдету, сондай-ақ олар үшін қорландыруды жеңілдету (мысалы, депозиттер тарту мақсатында) үшін жасалатын шығар.
Банк қызметі туралы қолданыстағы заң 1993 жылы қабылданды, алайда одан бері көп нәрсе өзгерді, финтех пайда болды, МҚҰ жұмыс істей бастады, қаржы қызметтерін тұтынушылардың технологиялары мен мінез-құлқы өзгерді. Сондықтан бұл заң – таяу арада болатын ең маңызды өзгеріс. Әрине, бұл өзгерістер бір жылда бітпейді, алдымен оны қабылдайды, келесі жылы тағы да түзетулер енгізіледі және цикл шамамен екі жылдан кейін аяқталады деп ойлаймын. Сонда заң барлығы үшін жағымды формаға ие болмақ.
Бұл үдерістің барлығы – «келісімдерді жаңартудың» маңызды бөлігі. Бұдан басқа, жергілікті жерлерде әлі де болып жатқан саяси транзитті ескеру маңызды. Тіпті бұл кішігірім саяси және әкімшілік ұстанымдар болса да осы талаптың сақталуы жөн. Егер бұрын көптеген банктің акционерлері саяси тұлғалар болса және кейде реттеушіден күштірек болып көрінсе, қазір күштерді реттеу өзгере бастады. Бүгінде реттеуші әлдеқайда күшті. Соның ішінде отандық банктердің акционерлерінің бір бөлігі өздерін қолайсыз сезініп, нарықтан кетуге шешім қабылдады. Егер бұрын банкті сатып алып, ешнәрсеге алаңдамау керек болса, бүгінде оны сатып алып, жаңа заңнамаға және басқа да шындықтарға бейімдеп, қайта құру керек. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін елімізде екі-үш жаңа банк пайда болады деп ойлаймын. Оның үстіне МҚҰ банк секторына белсенді түрде ұмтыла бастайды.
Расул РЫСМАМБЕТОВ,
қаржыгер