
Фото: depositphotos.com
Келгендердің 816,5 мыңы – елдің өзге өңірлерінен келген саяхатшылар болса, 323,5 мыңы – шетелдік меймандар.
Қала әкімді Алматыға ең көп келген шетелдіктер қатарында қытайлықтар көш бастап тұрғанын атап өтті. Биылғы жарты жыл ішінде 54,1 мың Қытай азаматы қалаға аялдаған, бұл былтырғыдан 33,4 пайызға көп. Одан кейінгі орында Үндістаннан келген туристер (56,2 мың адам). Сонымен бірге алғашқы жетілікке Түркия (17,9 мың), Корея Республикасы (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германия (6,5 мың) енді.
«Халықаралық туристер санының артуына туристік инфрақұрылымды дамыту мен қала қонақтарына арналған заманауи сервистерді енгізу ықпал етті. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Алматы демалыс пен іскерлік туризм үшін тартымды бағыт ретінде позициясын нығайтып, туристік лектің ауқымын кеңейтіп, келушілерге жайлы жағдай жасап отыр», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Алматы CNN-нің «үздік туристік бағыттар» тізімінен орын алып, Booking.com деректері бойынша да жылдың трендтік қалаларының біріне айналған еді.