
Фото: Ашық дереккөз
Өнеркәсіп өндірісі 7,6%-ға өскен. Өңдеу секторындағы өсім қарқыны да жеделдеп, 6,5%-ға жеткен. Саланы алға сүйреген бағыттар: машина жасау (+15,1%), тамақ өнімдері өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%).
Сауда көлемі негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға артты, бұл сала үлесінің 66,6%-ын құрайды. Ең жоғарғы өсім Шымкентте (+21,3%), сондай-ақ Шығыс Қазақстан (+5,7%) мен Жетісу (+0,6%) облыстарында байқалған.