Оқиға • Бүгін, 09:22

Вануатуда жер сілкінісі тіркелді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Вануатуда жер сілкінісі тіркелді

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, дүмпудің эпицентрі 21,09° оңтүстік ендік пен 173,80° шығыс бойлықтағы аумақта анықталған. Ал жерасты қозғалысының тереңдігі шамамен 10 шақырымды құраған.

Оған дейін Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жеткен жер сілкінісі орын алған еді. Соңғы деректерге қарағанда, аталған апаттан қаза тапқандар саны 2200 адамнан асып отыр.