
Сурет: stroi-news.ru
Отырыста «Eurasia Agro Semey» ЖШС, «PANA Complex Semey» ЖШС, «Yqylas Invest» ЖШС жобаларының іске асырылу барысы талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірлік инвестициялық жобалар пулына 86 жоба енгізілген. Жалпы құны 3,2 трлн теңгеден асатын бұл жобалар 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. Олардың қатарында аграрлық кешендерді дамыту, қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бар.
«Енді инвестициялық штабтың отырысын ай сайын өткізіп отырамыз. Аудандардың әлеуеті, мүмкіндігі бола тұра инвестициялық жобалар өте аз. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру керек. Біз инвесторлардың Абай облысының экономикасына қосатын үлесін жоғары бағалаймыз. Өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген барлық инвесторға алғыс білдіремін. Өңірдің даму қарқынына әрбір инвестициялық жоба айрықша үлес қосады. Заңнама аясында инвесторларға тиісті қолдау көрсетіледі», деді облыс басшысы.
Жиын қорытындысында өңір басшысы өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін айтып, қала-аудан әкімдеріне инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
Абай облысы