Білім • Бүгін, 10:19

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оқушының жасына қарай мектеп сөмкесінің салмағы қанша болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек?

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылының басталуымен мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңыздылығын еске салды. Дәрігерлердің айтуынша, тым ауыр немесе қолайсыз сөмке оқушының омыртқасына және жалпы денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Сөмке салмағының нормалары

  • 1–3-сыныптар — 2 килограмға дейін;

  • 4–5-сыныптар — 2,5 килограмға дейін;

  • 6–7-сыныптар — 3,5 килограмға дейін;

  • 8–11-сыныптар — 4,5 килограмға дейін.

Министрлік өкілдері жалпы салмақ баланың дене массасының 10 пайызынан аспауы тиіс екенін атап өтті.

Сөмке таңдағанда назар аударатын жайттар

  • кең, жұмсақ қаптамасы бар иықбаулар;

  • ортопедиялық арқалық;

  • жеңіл әрі су өткізбейтін материал;

  • жарық шағылыстырғыш белгілер мен партаға ілуге ыңғайлы ілгектің болуы.

Ата-аналар балаларының денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін үнемі қадағалап отырғаны жөн. Ең алдымен, рюкзакты үнемі тексеріп, артық заттарды алып тастау қажет. Сонымен қатар, балаға сөмкені міндетті түрде екі иыққа тағып жүруге үйреткен дұрыс. Ал мүмкін болған жағдайда кейбір ауыр кітаптарды мектепте қалдырып кетуге мұғаліммен келіскен жөн.