ЖОЛДАУ • Бүгін, 10:40

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге өскен

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл өсім 809 ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамаға жіберуге және материалдық-техникалық базаны ауқымды жаңартуды бастауға мүмкіндік берген, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3,3 есеге өскен

Фото: gov.kz

Тиімді ғылыми экожүйені құру үшін Мемлекет басшысының жанынан Ұлттық Ғылым академиясы мен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған. Сондай-ақ зерттеулерді экономиканың практикалық қажеттіліктеріне бағыттау үшін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданған. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ғалымдарды қолдау аясында жалақы 18% өсумен қатар, ғылыми атақтар үшін берілетін үстемеақылар мөлшері көбейген.

Ғылым мен өндірістің байланысына ерекше назар аударылады. Ғылыми әзірлемелерге инвестиция салатын бизнес үшін 150% салық шегерімі қарастырылған. Нақты сектормен бірлесіп орындалған жобалардың үлесін 2025 жылы 20%-ға жеткізу міндеті қойылған. Бұл шаралар ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруды қамтамасыз етуге және Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға арналған.

«Біздің барлық ғалымдар қазір ірі кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өткен жылы осындай тоғыз арнайы кездесу өтті, оған 400-ден астам маман қатысты. Нәтижесінде Қазақмыс, ERG, Қазатомөнеркәсіп, Қармет, Қазмырыш сияқты ірі компаниялардың мамандарымен бірлесіп 100-ден астам ғылыми мәселелер әзірленіп, 10 ғылыми тапсырма бекітілді», деді Саясат Нұрбек.