
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанның ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 12:15-те (Астана уақыты) Қытай аумағында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болған.
Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісінің қуаты 4,6 балға тең. Картадағы көрсетілімге сай, зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеген.
Айта кетейік, бұған дейін, 2 қыркүйек күні Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі де Қытай аумағында, қаладан 319 шақырым қашықтықта болған.