Инвестиция • Кеше

Инвестициялық жобалардың игілігі

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) еліміздегі ең ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырып отыр. 2025 жылғы тамыздағы мәліметке сай, ҚДБ қолдауымен 26 ауқымды жоба іске асырылады. Олардың қатарында жаңа зауыттар, энергетикалық нысандар, туризм мен әлеуметтік инфрақұрылымға арналған жобалар бар.

Инвестициялық жобалардың игілігі

Сурет: wfin.kz

Бұл инвестициялар экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі экспорттық әлеует­ті күшейтуге бағытталған. Барлық жоба 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аясында жүзеге асырылады.

«Банк қызметі макроэко­но­ми­калық көрсеткіштермен шектелмейді, басты назар отан­дас­тарымыздың өмір сапа­сын арттыруға бағыттал­ған. Біз жаңа жұмыс орындарын ашуды, сапалы тауар­лар шығаруды көздейміз. Инфра­құрылымды дамытқымыз келеді», деді ҚДБ басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Өңдеуші өнеркәсіпте 14 жаңа зауыт салынып жатыр. Оның ішінде «Qazaq Soda» зауыты, «Qaragandy Power Silicon» ферроқорытпа зауыты, «Talas Investment Company» натрий цианиді өндіретін кәсіпорны және металлургия мен машина жасау нысандары бар. Сонымен қатар энергетика саласында 5 ірі жоба жүзеге аспақ. Бұл қатарға 3 жаңартылатын энергия көздері нысаны, қуаты 150 МВт болатын Хром­таудағы жел электр стансасы мен Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру жұмыстары кіреді.

Азық-түлік қауіпсіздігі үшін 4 ауқымды жоба қолға алынған. Түркістан облысындағы «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешені мен Алматы облысындағы «Прима Кус» құс фабрикасы солардың қатарында.

Туризм мен әлеуметтік инфрақұрылымда да маңыз­ды жобалар бар. Халық­ара­лық деңгейдегі екі қонақ­үй, тау-шаңғы кешені және Көкше­тауда 630 төсектік орынға арна­лған көпсалалы ауруха­на салынып жатыр. Көлік инф­ра­құрылымында респуб­ликалық маңызы бар 5 000 км автожол қайта жаңғыртылады.

«Біздің міндетіміз – жай ғана қаржыландыру емес, елдің стратегиялық мақсаттарын тұрақты экономикалық құн­ды­лықтарға, нақты жоба­ларға және экспорттық мүмкін­діктерге айналдыру. Бұл – келешек ұрпақ үшін жасалып жатқан жұмыс. Мәселен, ҚДБ халықаралық қаржы институттары мен экспорт­тық-кредиттік агенттіктердің қаражатын белсенді тартып отыр. Бұл отандық өнімді Орта­лық Азиядан бастап Еуропа мен Қытайға дейінгі нарық­тарға жеткізуге, сон-

­дай-ақ елдің жаһандық өнді­ріс­тік және сауда тізбектеріне интеграциялануына мүм­кін­дік береді. Мысалы, 2025 жыл­дың бірінші жартыжылды­ғын­да ҚДБ 1,7 млрд доллар­дан астам қаражатты нарық­тық шарттарда тартты», дейді М.Елібаев.