Алматы • Бүгін, 08:28

Әлеуметтік жауапкершілік көрінісі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа қамқорлықты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы басталды.

Әлеуметтік жауапкершілік көрінісі

Бұл – балаларға арналған жаңа заманауи кешен. Жоба қаланың әлеуметтік инфра­құрылымын нығайтып қана қоймай, бала­лар­дың денсаулығын, дамуын және бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.

Жоспарланған кешен әдеттегі жатақхана немесе шағын ғимарат емес. Мұнда жан-жақты жағдай қарастырылған. Кең спорт залы, балаларға арналған ойын алаңшалары, бөбектерге арналған қосымша топтар болады. Ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі балалардың да еш кедергісіз білім алып, ойнап, уақыт өткізуіне арналған арнайы жабдықталған бөлмелер жасақталады. Бұл өз ке­зе­­гінде инклюзивті орта қалыптастыруға жол ашады.

«Integra Construction» компаниясы – еліміз­дегі ірі құрылыс ұйымдарының бірі. Компания өкілдерінің айтуынша, алғашқы нәтижелер биыл жылдың соңына қарай байқала бастайды. Ал жоба толық аяқталып, пайдалануға берілуі келесі жылға жоспарланған. Яғни көп уақыт өтпей-ақ алматылық балалар жаңа орталықтың игілігін көреді.

Компания басшысы Құдрат Шамиевтің айтуынша, бұл бастама «Integra» командасы үшін тек қана өндірістік міндет емес, әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі.

«Бұл жоба – біздің компанияның балалардың болашағына қосқан үлесі. Әрбір ұл-қыздың сапалы білім алып, спортпен шұғылданып, ойнап, жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты мақсатымыз. Осылайша, «Integra Construction» Мемлекет басшысының тапсырмасын нақты іс жүзінде орындап, жас ұрпақ үшін маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірістік», дейді ол.

Жаңа кешеннің іске қосылуы Алматыдағы балаларға арналған инфрақұрылымды едәуір жақсартып, ата-аналардың әлеуметтік жағ­дайына да оң әсер етпек. Өйткені мұнда тек балалар ғана емес, олардың отбасылары үшін де ыңғайлы орта қалыптасады.