
Фото: Ашық дереккөз
Бүған қоса, 3,4 мың қызметкерге 1,1 млрд теңге көлемінде жалақы қарызы өтеліп, барлығы 28,4 мың жұмыскердің құқықтары қорғалған.
Өндірістік жарақаттану көрсеткіші де оң динамиканы көрсетіп отыр. 2025 жылдың алғашқы жеті айында жарақаттанғандар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға азайып (719 адам), қаза тапқандар саны 14,7%-ға төмендеген(93 адам).
«Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» көмегімен 94,8 мың кәсіпорынға мониторинг жүргізіліп, «қызыл аймақтағы» нысандар саны жыл басынан бері 8,9%-ға қысқарған(1 715-тен 1 562-ге дейін).
Сонымен қатар кәсіби тәуекелдерді бағалау қызметін көрсететін ұйымдарды іріктеу күшейтілген. Талапқа сай жабдықтары мен мамандары жоқ компаниялар тізілімнен шығарылып, олардың саны 162-ден 66-ға дейін азайған.
Әлеуметтік әріптестік жүйесі де кеңейіп келеді. Бүгінде елде Бас келісім, 17 салалық және 200 өңірлік келісім, сондай-ақ 169 мыңнан астам ұжымдық шарт қолданыста.
Еңбек заңнамасын жетілдіру бағытында Парламент Мәжілісінің қарауына ең төменгі жалақыға қатысты Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасы енгізілген. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестер құру, техникалық инспекторлардың мәртебесін заң жүзінде бекіту, жоспардан тыс тексерулердің аясын кеңейту және еңбек қатынастарын декларациялау бойынша жаңа нормалар ұсынылып отыр.
Еңбекақы төлеудің тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарын нормалау жүйесі әзірленді. Бұл ауылдық елді мекендердің дамуына, жастарды ауылға тартуға және халықтың көшіп кетуін азайтуға ықпал етпек. Сонымен бірге мемлекеттік сектор ұйымдары үшін еңбекті нормалаудың бірыңғай жүйесі енгізілді.