Теннис • Бүгін, 11:00

Теннисші Анна Данилина АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Кливленд қаласында теннистен беделді WTA 250 турнирі мәресіне жетті. Бәсекенің жұптық сынында отандасымыз Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Теннисші Анна Данилина АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: olympic.kz

Финалда олар Тайбэйлік Хао Чин Чань мен Синью Янь (Қытай) жұбына қарсы кордқа шықты. 

Тартысты өткен сайыста 7:6(7:3), 6:4 есебі тіркеліп, қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұбы үздік болды. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Анна осылайша  жұптық сайыста WTA турнирлерінде 14 рет чемпион атанып отыр.