Білім • Бүгін, 12:25

Колледждерге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Себебі eGov порталы мен «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған, деп жазады Egemen.kz.

Колледждерге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Жүктеменің мөлшерден көп болуына байланысты колледжге түсуге өтінім беру кезінде талапкерлер үшін уақытша техникалық қиындықтар байқалды.

Жауапты министрлік қазір барлық ақаулар жойылғанын хабарлайды. Талапкерлер үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды. Нақты уақытқа тоқталсақ, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін және орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша 27 тамызға дейін құжат қабылданады.