Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Ерік-жігердің ерекше үлгісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореядағы Чха Са Сун есімді зейнеткер жүргізуші куәлігін 960-талпыныстан кейін алған.

Ерік-жігердің ерекше үлгісі

Бірінші рет емтихан тапсыруға 2005 жылы барғанымен, сәтсіз болған. Кейін ол теориялық бөлімді күн сайын тапсырып, тек 950-ретте ғана ең төменгі ұпай шегінен өтеді. Ал тәжірибелік сынақты тағы 10 рет тапсырғаннан кейін ғана сәтті аяқтайды. «Hyundai» компаниясы оның осы табандылығы мен ерік-жігерін бағалап, автокөлік сыйға тартты.