
Бұл мереке ЮНЕСКО тарапынан 1999 жылғы 15 қарашада өткен Бас конференциясының 30-сессиясында қабылданған қарармен бекітілді. ЮНЕСКО шешімінде айтылғандай, мерекені белгілеудегі мақсат – «поэтикалық өзін-өзі білдіру арқылы тілдік алуандықты қолдау және жойылып кету қаупі бар тілдерге естілу мүмкіндігін беру».
Ресми Поэзия күнін белгілеу туралы алғашқы бастама 1930-жылдардың соңында айтыла бастады. 1938 жылы АҚШ-тың Огайо штаты ақын Тесса Суизи Уэббтің бастамасымен 15 қазанды — ежелгі рим ақыны Вергилийдің туған күнін — Поэзия күні деп жариялады. 1951 жылға қарай бұл күн АҚШ-тың отыз сегіз штатында және Мексикада мойындалып, Ұлттық поэзия күні ретінде аталып өтті. Кейін бұл күн басқа елдерде де Әлемдік поэзия күні ретінде тойлана бастады.