
Фото: ашық дереккөз
Компания мамандары дайындап жатқан «туылу машинасында» бала жасанды жатырда дамып, қажетті қоректік заттарды пуповина қызметін атқаратын түтік арқылы алады. Бұл құрылғыны ғалымдар қарапайым инкубатор ретінде емес, адамға барынша ұқсас гуманоидты роботқа енгізуді көздеп отыр. Нәтижесінде робот адаммен өзара әрекеттесе алатын «жүкті андроид» бейнесінде жұмыс істемек.
Зерттеушілердің болжамынша, бұл ғажайып техника келесі жылы нарыққа шығуы мүмкін. Ал бағасы 100 мың юаньнан (шамамен 14 мың АҚШ доллары) аспайды деп жоспарлануда.
Жоба жарияланған сәттен бастап қоғамда түрлі пікір туды. Бірі – технологияны медицинадағы үлкен серпіліс деп бағаласа, енді бірі – этикалық және заңдық мәселелерге алаңдаулы. Әзірге компания өкілдері құрылғыны жетілдіру үстінде.