Пікір • Бүгін, 08:17

Болашағымызды бағамдаған кеңес

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәстүрлі Тамыз конференциясы – өткенімізге есеп беріп, болашағымызды бағамдайтын маңызды іс-шара. Осы ретте мектепке дейінгі білім жүйесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларымен іске асы­рылған жұмыстардың нәтижелерін атап өткенді жөн.

Болашағымызды бағамдаған кеңес

2019 жылдан бастап елімізде мектепке дейінгі білім беру саласын реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мақсаты – қолжетімділікті, сапаны және ашықтықты арттыру.  Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алу құқығын қамтамасыз ету.

Егер 2019 жылы елімізде 10,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп, онда 892 мың бала тәрбиеленсе, 2025 жылға қарай олардың саны 11,8 мыңға жетіп, 1 миллионнан астам бала қамтылды. Сонымен қатар шағын орталықтардан тұрақты материалдық-техника­лық базасы бар толыққанды балабақшаларға көшу жүзеге асырылды.

Кезек мәселесінде де айтарлықтай өзгерістер бар. 2019 жылы балабақшаға кезекте 446 176 бала тұрса, 2025 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш 84 мыңға дейін азайды. Осылайша, алты жылда кезекте тұрғандар саны шамамен 5 есе қысқарды.

Мұндай нәтижеге мектепке дейінгі ұйым­дар желісін жүйелі кеңейту, орындарды бөлуге жаңа тәсілдерді енгізу және ваучерлік қаржы­ландыру сияқты үдерістерді цифрлан­дыру арқылы қол жеткізілді. Бұл тетік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырып қана қоймай, мектепке дейінгі білім беру саласындағы ашықтықты қамтамасыз етеді.

Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жүзеге асырылып отыр. Қанатқақты жоба іске асырылған уақыт ішінде балабақшаға кезек тағы да 44%-ға қысқарды. Нәтижесінде, 7,7 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделді.

 

Манар АДАМОВА,

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры