Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Бір түнде бір тіл үйренген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XVIII-XIX ғасырларда өмір сүр­ген итальян кардиналы Джу­зеп­пе Меццофанти – адамзат тари­хын­дағы ең атақты полиглоттың бірі.

Бір түнде бір тіл үйренген

Ол Италиядан шықпай-ақ 39 тілде еркін сөйлеп, одан көп тілді түсінген. Бірде Меццофанти небәрі бір түннің ішінде жаңа тілді үйреніп алған. Мұндағы мақсаты – келесі күні өлім жазасына кесілген бір шетелдік қылмыскердің ақтық сөзін тыңдап, түсіну еді. Оның бұл әрекеті – жай ғана тіл үйренудегі ғажайып қабілет емес, адамның жанашырлығы мен мейірімінің айқын көрінісі.