
Фото: Orda.kz
Прокурор істің ішінде жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлардың бар екенін атап өтті.
Жеңілдететін мән-жай ретінде ол айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының бар екенін, ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың мас күйінде жасалғанын атап көрсетті.
«Бүгін біз жай ғана құқық бұзушылық емес, адам өміріне қарсы қасақана жасалған қылмыс туралы айтып отырмыз. Мұнда таразының басында бір адамның ғана тағдыры емес, қоғамның қауіпсіздігі, әділдіктің салтанат құруы тұр. Егер өз ісіне адал әрі антына берік дәрігерлер уақытында көмек көрсетпегенде, мүмкін, біз бүгін аяқталған қылмысты қарастырып отыратын едік. Айыпталушы жасаған іс ауыр салдарға алып келді және ол заң аясында әділ түрде жазалануы тиіс», деді прокурор.