
Бұл туралы Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Аталған жұмыс "Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу" жобасы аясында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 15 мен 26 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.