
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Елімізде 330 Құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, оның 180-і қалаларда, 150-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үйлестіру мақсатында 202 Құзыреттілік орталығы тірек мектепке дейінгі ұйымдар мәртебесіне ауыстырылып, тірек мектептерге бекітілді. Балабақшалар, кеңес беру пункттері және мектептер арасындағы өзара іс-қимылдың қадамдық жоспары әзірленген, бұл – оқу-тәрбие процесінде сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құзыреттілік орталықтары балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, трансформацияланатын пәндік-дамыту ортасын жасайды, білім беру процесін ойын түрінде ұйымдастырады және тірек мектептермен тиімді өзара іс-қимыл орнатады.
«Құзыреттілік орталықтары желісін дамыту – мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл балаларға сапалы, икемді және заманауи мектепке даярлықты қамтамасыз етуге, ал педагогтарға – жаңа білім алып, үздік тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.