
Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласында студенттерді жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету мақсатында Ахуалдық орталық жұмыс істейді. Бұл орталық студенттерді жоғары оқу орындары жанындағы жатақханалардағы бос орындар туралы хабардар етеді.
Ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері:
- +7 700-255-14-43;
- +7 700-950-95-28;
- +7 727-237-01-70.
Еске сала кетсек, аталған орталық салалық министрлік пен жергілікті әкімдіктің бастамасымен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ашылған болатын.
Ашылуында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: «Әр жоғары оқу орнының жанынан арнайы цифрлық платформа құрылды. Ол отандық жоғары оқу орындарының 80%-нда бар. Айта кетейік, Нархоз және Satbayev University-де студент жатақханадан бөлмені, орынды өзі таңдайды. Ал жатақханадан орын ала алмаған студенттер Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ашылған Ахуалдық орталықтың көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ Алматыда бос орын таба алмай қиын жағдайға тап болған студенттерге университеттермен бірлесе төтенше жағдайға арналған 55 арнайы бөлме дайындадық», деген еді.