
Фото: istockphoto.com
Стандарт дұрыс тамақтануға қойлатын заманауи халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Мұнда қантты тұтынуды 3,6 есеге дейін, тұзды 5 есеге дейін азайту жоспарланған.
Сондай-ақ шағын жинақты мектептерде, буфеттерде тамақтануды ұйымдастыруға және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануына қойылатын талаптар қамтылған.
Алғаш рет «Жеуге жарамсыздық индексі» енгізілді. Ол балалардың тамақтануды ұйымдастыру деңгейіне қаншалықты көңілі толатындығын анықтау және мектепте тамақтануды ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет.
«Тамақтану стандартын іске асыру аясында бірнеше нұсқада мектепте тамақтануға арналған үлгілік стандартты ас мәзірі әзірленді. Бірінші рет ыстық тағам әзірлеуге мүмкіндігі жоқ шағын жинақты мектептерге арналған мәзір жасалды», деді Ақмарал Әлназарова.