
Оқиға Ақтөбе қаласындағы Кереев көшесінде болды. Марқұм сол күні демалыста жүрген.
— Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.