
Фото: ашық дереккөз
Вэнстің сөзінше, Трамп Украинадағы соғысты АҚШ қаржысымен жалғастырғысы келмейді, бірақ Еуропа қару сатып алса, оған қарсы емес. Тамыздың басында АҚШ сенатының комитеті Украинаға 1 млрд доллар көмек бөлуді мақұлдады.
Financial Times дерегінше, ЕО елдері Путин мен Трамптың 15 тамыздағы Аляскадағы кездесуіне дейін Мәскеуге қысымды күшейтуді ұсынуда. Брюссель бұғатталған ресейлік 195 млрд еуроны Украинаға беруді де қарастырып отыр.