Қала күні – қалың жұртшылықтың көңілінен шығып келе жатқан еліміздегі мерейлі мемлекеттік мерекелердің бірі. Биыл Елорда күніне орай «Ел жүрегі – Астана!» лейтмотивімен 70-тен астам шара өтеді. Барлық шаралар ортақ бір тақырыппен топтастырылып өткізіледі. Мерекенің басты тақырыбы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады.
– Осы жылы «Ел жүрегі – Астана!» лейтмотивімен 70 шара ұйымдастырылады. Салтанатты шарамен 500 мыңнан астам астаналықтар мен қала қонақтарын қамту қарастырылған. Осы жылғы мерекенің ерекшелігі шаралардың барлығы ашық алаңда өтеді, – деді Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз мәслихатында.
Елорда күнін ресми мерекелеу 4 шілдеде Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімінен басталады. Мерекелік шаралар дәстүр бойынша салтанатты отшашумен аяқталады. Оны қаланың бірнеше бөлігінен, атап айтқанда, Есіл өзенінің жағасынан, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы алаңынан және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақтан көруге болады.
– Қала күні мерекесі аясында Голливуд жұлдызы Стивен Сигал, актер, кәсіби спортшы, «Бокс әлемі», «Қаһармандар елі» тележобасының жүргізушісі Сергей Бадюк, сондай-ақ, кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен қазіргі чемпион Бату Хасиковтің қатысуымен елордада жекпе-жектер өнерінің бірінші халықаралық фестивалі өткізіледі, – деп мәлімдеді жуналистермен болған жүздесуде Б.Мажағұлов.
Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, фестивальға АҚШ, Қазақстан, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен өздері қатысатын жекпе-жек түрлерінің үздік шеберлері және ең жоғары белбеулер мен дандардың иелері қатысады. Бұл жолы – айкидо, джиу-джитсу, капоэйра, будзинкан, тай боксы, каратэ годзю-рю, шин кали, кендо, таэквондо, вин-чун, шаолинь және қол жекпе-жегі сияқты 12 тәртіп түрі бойынша көрнекі жекпе-жектерді өткізу жоспарланған. Жекпе-жектер өнерінің фестивалі 26 маусым күні Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді.
Сонымен бірге, биылғы мерекеде Есіл өзенінің жағасында тұңғыш рет «Нұрлы Есіл» атты мультимедиялық-пиротехникалық таңғажайып шоу ұйымдастырылады. Бұл замануи лазерлік және пиротехникалық технологияларды су бетінде ойнататын айрықша көрініс болмақ.
Мұнымен қоса, өзенде симфониялық оркестрге арналған сахна орнатылады, бұл шоудың әсерін арттыра түседі. Оркестр қазақтың халық әндері мен заманауи классикалық әуендерді орындайды. Сахнаның айналасына биіктігі әртүрлі субұрқақтар салтанат құрады, жаңа лазерлік технологиялардың көмегімен жарқын бейнероликтер көрсетіледі.
Бұл көріністің соңы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көз жауын алатын таңғажайып пиротехникалық шоуға ұласады.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22