Президент • 09 Тамыз, 2025

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

– Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Семей-Астана тасжолы тазаланды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Жылумен қамту - жауапты міндет

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Алматыда дәмхана өртенді

Төтенше жағдай • Кеше