
«Бұлай болуы мүмкін емес» деп бір топ ғалым, тіпті, қос өзенге түрлі бояу құйып тәжірибе жасап көрген екен. Нәтижесінде, бояулар араласпай, өз бағытымен ағып кете барған көрінеді. Осылайша зерттеушілер су температурасының, ағыс жылдамдығы мен деңгейінің айырмашылығына байланысты олардың сулары араласпайтынын ғылыми дәлелдеп, көз жеткізіпті.