
Бұрын 64% болса, қазір 61%-ға дейін азайған. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл кейінгі жылдары қолға алынған жаңғырту жұмыстарының нәтижесі. Елде ескірген желілер мен құрал-жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар жылыту маусымы аяқталған соң, жылу энергетика кешенінің жағдайы да біршама түзелген. Бүгінде 10 жылу электр орталығы әлі де «қызыл аймақта» – яғни техникалық тұрғыдан тәуекел жоғары. 17 орталық – «сары», 10 ЖЭО – «жасыл» аймақта.
Алдағы жылға жоспар да ауқымды. Елімізде 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбина күрделі жөндеуден өтеді.