
Қысқа мерзімді салқындаудан кейін еліміздің оңтүстік өңірлері қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массаларының ықпалында болады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 тамыздан бастап Иран аумағынан жылы ауа келе бастайды, бұл күндізгі температураның +35…+41 градусқа дейін көтерілуіне алып келеді.
«Ал солтүстік өңірлер болса, әлі де суық ауа массаларының ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын мен бұршақ болуы мүмкін», деді синоптиктер.