
Оқиға сағат 07:30 шамасында Алматы – Екатеринбург бағыты бойынша, Қарағанды қаласынан Балқашқа қарай бір шақырым жерде тіркелген.
Полицияның мәліметінше, мотоцикл жүргізушісі алдындағы Kia Sportage көлігімен соқтығысқан. Көлік патруль қызметіне тиесілі арнайы автокөлік болғаны туралы бейресми ақпарат тарады, алайда бұл әзірге ресми түрде нақтыланбады.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген Қарағанды облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Соңғы кездері мотоцикл жүргізушілері арасында жол апатына түсу жиілеген.