Оқиға • 01 Тамыз, 2025

БҚО тұрғыны бекіре тасымалдап ұсталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 жастағы ер адам – Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында ұсталған, деп жазады Egemen.kz

БҚО тұрғыны бекіре тасымалдап ұсталды

Фото: Видеоскрин, БҚО ПД

Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатып, тексеру барысында рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балықтың бар екенін анықтаған және арнайы ау мен қармақтарды тәркілеген.

«Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталып жатыр», делінген полиция хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше